Грекияның 48 дүркін чемпионы: “Қайраттың” алдағы қарсыласы “Олимпиакос” туралы не білеміз?
Фото: Stan.kz collage
“Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы жорығы жалғасуда. Енді алматылық клубтың жолында тағы бір маңызды сын күтіп тұр. Сары-қаралар 6-турда Грекияның ең атақты клубтарының бірі Пирейлік “Олимпиакосқа” қарсы матч өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Олимпиакос” – жай ғана клуб емес, грек футболының нағыз тарихы. 48 дүркін Грекия чемпионы, 29 рет Грекия кубогін жеңіп алған. Сонымен қатар бірнеше дүркін суперкубок жеңімпазы.
Яғни, Грекияда “Олимпиакостан” өзге мұндай жетістіктерге жеткен клуб жоқ.
Еуропадағы жетістіктері де назар аударарлық. 2023/24 маусымында команда УЕФА Конференция лигасын ұтып алды. 2024 жылдың 29 мамырында финалда “Фиорентинаны” 1:0 есебімен жеңіп, өз есімін Еуропа футбол жылнамасына алтын әріппен жазды.
Команда өз матчтарын Пирейдегі 33 мыңнан астам жанкүйерге арналған нағыз футбол ошағы “Караискакис” стадионында өткізеді.
Алдағы ойын “Қайрат” үшін оңай болмайтыны анық. Дегенмен, сары-қаралар бұл кезеңде ұпай еншілеп, турнир кестесіндегі орындарын жақсартуға жақсы мүмкіндік болмақ.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады

