Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грантты ақтауға міндетті: министр Біртанов мемлекет қаражатына оқыған студенттердің жағдайын түсінетінін айтты

Студент-медик денсаулық сақтау басқармасы Елжан Біртановтың баспасөз конференциясына келіп, көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Сұрақтар жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін клиникалық мамандықтар бойынша оқытылатын пәндер жайында болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр Біртанов донор ретінде ағзасын беруге дайын екенін айтты

"Мен жетінші курс студентімін. интерн әрі түлекпін. Сіз резидентураға жаңа өзгертулер енгізгеніңізді жаздыңыз. Біз бұл өзгерістерді құжат қабылдау мерзімі аяқталуға екі күн қалғанда, яғни 23 шілдеде алдық", — деді жігіт. 

Біртанов жауап ретінде мемлекет қаражатына оқыған болса, соны өтеп шығуы керектігін айтты. 

"Біріншіден, интерн болсаңыз, медициналық жоғары оқу орынды аяқтасаңыз, өтеуге міндеттісіз. Заң сіз оқуға түскенде, жеті жыл бұрын қабылданған. Сондықтан ол күшіне жеті жылдан кейін енді. Мемлекет сізді оқытты, мемлекет адамдарға қажет жерге сізді жұмысқа жібереді. Бұл заңды білмеу, сізді жауапкершіліктен босатпайды", — деді министр. 

Интерн резидентураға грантқа түскен жағдайда борышты өтеуден босатылады.Министрдің сөзінше,  студенттер мемлекет жіберген жерге барғысы келмейді, ақшаны қайтарғысы келмейді. Елтанов олардың жағдайын түсінетінін айтты. 
 

Талқылау