Грант – оқығандікі! Шымкенттік ұстаз заманауи ұлағатты сөздер жазып, сыныпқа іледі (фото)
Оқу жылы аяқталуға жақындады. Демек бітірушілердің бас ауруына айналған ҰБТ-ға да аз уақыт қалды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Дәл қазір еліміздің барлық өңірлеріндегі ұстаздар оқушыларды тестілеуге білім жағынан ғана емес, психологиялық, моральдық, мотивациялық тұрғыдан дайындауға тырысып жатыр.
Ал шымкенттік ұстаз бітірушілерді оқуға талпындырудың тың тәсілін тапты. Ол сынып бөлмесіне: “Заман – білімдінікі, грант – оқығандікі”, – деген жазуды іліп қойды.
Оқушылардың бірі ұстазының “креативті” әдісін елге көрсеткісі еткісі келіп, оны желіге жариялап жіберсе керек-ті. Сурет Instagram парақшаларының бірінде пайда болды.
Желі оқырмандары аталған жазбаға түрлі пікірлерін білдірді. Кейбіреулер ұстазды қолдаса, ендігілер сынап жатты.
Жіберіп алмаңыз:
Өскеменде күйеуі ажыраспақ болғаны үшін әйелі мен енесін өлтіріп тастады
Валюта айырбастау бекетіне кіріп-шыққан павлодарлық 9 миллион теңгесінен айырылып қалды
Қызылордалық мұғалiм екi оқушының жыныс мүшесiнен ұстап, азғындық жасады айыпталуда