Грант иегері атанған талапкерлер желіде алғашқы әсерлерін бөлісті (видео)
Видеодан скрин
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған білім беру гранттарының көптен күткен тізімін жариялады. Нәтижелер шыққан сәттен бастап әлеуметтік желілер қазақстандық талапкерлердің қуанышқа толы сәттері түсірілген видеолармен толып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушылары қуанышты хабарды естіген сәттегі шынайы әсерлерін қысқа видеолар арқылы бөлісіп жатыр. Кадрлардан қуаныштың көз жастарын, қобылжумен аралас күлкі, жеңілдік пен қуанышқа толы құшақтасу сәттерін көруге болады.
Талапкерлердің көпшілігі нәтижелерді ата-анасымен, бауырлары немесе достарымен бірге қараған. Ал енді біреулер көргеніне бірден сене алмай, экранға ұзақ қарап қалған.
"Басқа жолдар да бар": Ғылым министрі Саясат Нұрбек грант ала алмаған талапкерлерге кеңес берді
Айта кетейік, грант тағайындау конкурсына 113 мыңға жуық талапкер өтінім берген. Ресми мәліметке сәйкес, 77 мыңнан астам талапкер грант иегері атанған.
Еске салсақ, 7 тамыз күні 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жарияланған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік