Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарды Google аккаунттарының құпиясөздерін шұғыл ауыстыруға шақырды

хакерлер шабулынан Google қолданушыларының деректері тарап кеттіФото: pixabay.com

Google компаниясында хакерлердің шабуылынан кейін 2,5 миллиардқа дейінгі Gmail қолданушыларының деректері таралып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қатерлерді болжау орталығы мен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті әлемдік интернет кеңістігін бақылау барысында Google деректер базасын бұзу фактісінің анықталғанын хабарлады.

ShinyHunters хакерлік тобы 2,5 миллиардқа дейінгі акаунтқа қатысты байланыс дереккөздеріне қол жеткізген. Бірақ парольдердің өздері тікелей ұрланбаған.

Шабуыл әлеуметтік инженерия арқылы жүзеге асқан. Алаяқтар Google қызметкерін алдап, IT-жабдыққа қол жеткізуге мәжбүрлеген және Salesforce Data Loader қосымшасын заңсыз пайдаланған.

Бұл деректерді қолдана отырып, қылмыскерлер Google атынан қоңырау шалып, жалған хабарламалар таратып, қолданушылардан Gmail паролін қалпына келтіруді талап еткен. Осылайша олар кодтар мен құпиясөздерді немесе аккаунттарға қолжетімділікті иемденген.



Мамандар қауіпсіздік үшін мынадай шараларды ұсынады:

  • 1. Құпиясөзді бірден ауыстыру, әсіресе, қарапайым немесе қайталанатындарын.
  • 2. Екі факторлы аутентификацияны қосу немесе заманауи қорғау тәсілдерін (биометрия, PIN) пайдалану.
  • 3. Google атынан деп келетін қоңыраулар мен хаттарға сенбеу, он шақты жағдайдың тоғызында бұл алаяқтық болып шығады.
  • 4. Қолданбалар мен қосылымдарды бақылап, артық рұқсаттарды шектеу.
STAN.KZ
Сейсенбі, 09 Қыркүйек, 2025 14:12
Талқылау