Гонконгта 4000 адам тұратын тұрғын үй кешені түгі қалмай өртеніп кетті (видео)
Фото: South China Morning Post
Гонконгте 4 мыңнан астам адам тұратын тұрғын үй кешенінде үлкен өрт шықты. Жалын салдарынан 12 адам қаза тауып, 16 адам ауыр жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, ғимараттарда өрт дабылы іске қосылмаған. Өрт тұрғын үй кешенінің аумағындағы бамбуктан жасалған құрылыс қаңқаларын (құрылыс ормаларын) шарпып, салдарынан көптеген тұрғын көпқабатты үйлердің ішінде қалып қойған. Өрт кешеннің төрт блогына тараған. Жалпы 1984 пәтер орналасқан аумақтағы өртке ең жоғары, бесінші санат берілді.
"12 адамды жалмаған Жетісай трагедиясынан сабақ": Үйді өрттен қорғаудың қарапайым тәсілі аталды
Талдықорғанда пластик қалдықтар сақталған қойма өртенді (видео)
Полиция мәліметінше, кемінде екі адам ес-түссіз хәлде күйік алған. Үй ішінде қанша адамның қалғаны әзірге белгісіз.
Осы ауданда тұратын ер адам компания басшылығына құрылыс жұмыстарының сапасыз екенін, жұмысшылардың жұмыс орнында темекі шегетінін бірнеше рет айтқан. Бірақ шағымдарының бәрі жауапсыз қалған. Оның сөзінше, өрт дабылы жұмыс істемеген, бірақ ғимараттарда дабыл жүйесі орнатылған. Өрттің нақты себебі әлі анықталған жоқ. Тағы бір тұрғын өртті сөндіру кезінде су құятын тікұшақтар қолданылмағанын жеткізді.
South China Morning Post басылымының мәліметінше, бесінші санаттағы өрт Гонконгте соңғы 17 жылда алғаш рет тіркеліп отыр. Бұдан бұрын мұндай ауқымды өрт 2008 жылы Монг-Кок ауданындағы караоке-бар мен түнгі клубта болған. Ол кезде 4 адам қаза тауып, 55 адам зардап шеккен.
Айта кетейік, бұған дейін Жетісу ауданындағы жеке тұрған екі қабатты қоймадан өрт шығып, жедел штаб ашылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылғаны туралы жазған едік.
Ғалымдар Каспий теңізі екіге бөлінетінін ескертті: Бұл Қазақстанға қандай қауіп әкеледі?