Головкиннің командасынан шыққан боксшы Али Ахмедов ертең АҚШ-та өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады
18 қаңтар күні таңертең қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (22-1, 16 КО) АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Sarah Stier/Getty Images
Жекпе-жек Калифорния штатының Коммерс қаласында өтеді. Ахмедовтың қарсыласы америкалық Малкольм Джонс (17-4-1, 10 КО) болады. Ол бастапқыда белгіленген қарсылас Рональд Эллистің (18-5-2, 12 КО) орнына шығады.
Негізі Али Ахмедов Рональд Эллиспен Коммерстегі жекпе-жек кешінде кездесуі керек еді. Бірақ Эллис жарақат алып бұл турнирден бас тартты.
Жекпе-жектің тікелей трансляциясы UFC Fight Pass платформасындағы ақылы жазылым арқылы көрсетіледі. Калифорнияда өтетін бокс кеші Қазақстан уақытымен 08:00-ден кейін басталады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген
