Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен "Канелоның" қыркүйектегі жекпе-жегі өтпейтін болды. Себебі айтылды

Қыркүйек айында Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жек өткізбейді. Инсайдер Майк Коппинджер осылай деп мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, «Канело» жекпе-жектен бас тартқан,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Головкин мен «Канелоның» қыркүйектегі жекпе-жегі өтпейтін болды. Себебі айтылды

Бұл туралы Коппинджер Twitter желісінде жазды. 

Оның сөзінше, Альваресте қарсылас іздеуге қатысты қиындықтар туындаған немесе тізесінің жарақаты себеп болған.

«Канело» 14 қыркүйекте жекпе-жек өткізбейді. Бұл қажетті қарсылас іздестірудегі қиындықтармен түсіндіріледі. Ол рас болуы мүмкін. Алайда оның тізесінің жарақатын да ескеру керек. «Канелоның» денсаулығына байланысты келесі жекпе-жектің уақытын өзгертетіні туралы бұған дейін сөз болған еді», - дейді Коппинджер. 

Артынша «Канелоның» өзі ресми мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, 

«Бірнеше салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы ретінде тартысты әрі бәсекелестікті көрсететін жекпе-жек үшін жауаптымын. Сондықтан Golden Boy мен менің командам жекпе-жек уақытын шегеруді жөн көрдік», - дейді боксшы. 

Сонымен қатар Сауль Альварес мұндай шешім жанкүйерлеріне деген дұрыс қарым-қатынас болатынын айтты. Себебі қарсыластардың ең үздігімен үздік жекпе-жек көрсеткіміз келеді, дейді ол.

Талқылау