Головкин “Канеломен” қарымта кездесу өтпей қалған жағдайда не істейтінін айтты
Геннадий Головкин мексикалық боксшының допинг сынамадан өте алмауына байланысты Сауль “Канело” Альвареспен реваншы өтпей қалған жағдайда не істейтінін айтты.
Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.
Альварес жекпе-жекке екі ай қалғанда допинг-тесттен өте алмай қалды. Екі сынамадан кленбутерол табылды. Мексикалықтың командасы оның себебі зарарлы ет жегеннен деп отыр. Одан кейінгі үш допинг-тесттен “Канело” өткен болатын.
Головкиннің айтуынша, ол допингке қатысты жанжал үшін қатты қамыққан, боксшы реванш өтеді деп үміттеніп отыр. Алайда, жекпе-жек өтпей қалатындай жағдай болса, қазақстандық боксшы өзге бір нұсқаны қарастырмақшы, ол – орта салмақта WBO титулының иегері, ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен жұдырықтасу.
“Канеломен” реванш өтпей қалса, менің келесі қадамым Сондерс болады, себебі мен барлық титулды иеленгім келеді. Мен әлі де, “Канеломен” жекпе-жек өтеді деп үміттенемін. Бұл қазіргі таңдағы бокстағы ең ірі жекпе-жек және мен сол деңгейде тағы да болғым келеді.
Невада штатының атлетикалық комиссиясы “Альварес ісі” бойынша шешім қабылдауы тиіс. Мен үшін бұл жағдай тосын сый болды. “Канело” мен оның командасын біле тұра, олар мұндай тыйым салынған заттарды пайдаланады деп күтпеппін. Олардың мұндай жолмен кеткендерін көру өте жағымсыз. Мен жекпе-жектің зертханалар арасында емес, спортшылардың арасында болғанын қалаймын. Таза жекпе-жек, медицина емес.
Екінші жекпе-жек қызықтырақ болады. Дегенмен, бірінші жекпе-жекте мен жеңдім деп ойлаймын. Мен кейбір артықшылықтарыммен жұмыс істедім. Сондықтан, егер екінші жекпе-жек болатын болса, бүкіл әлем кімнің нағыз жеңімпаз екенін білетін болады”, – деді Головкин Daily Mail басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин – Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.
Оқи отырыңыз:
Димаш Ниязов пен Данияр Елеусінов бір кеште жұдырықтасатын болды
Димаш Ниязов америкалық сүйіктісін көрсетті (фото)
Головкин-Альварес жекпе-жегін алты айдан кейін өткізуді ұсынды
Қазақстанның Олимпиада комитеті 2026 жылғы ойындарды өткізу ойынан бас тартты