Головкин фанаттарына көптен күткен мәлімдеме жасады
Геннадий Головкин фанаттарына көптен күткен мәлімдеме жасады. Боксшы рингке қайта оралу үшін дайындықты бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Головкин Instagram-да командасымен: физикалық дайындық бойынша тренері Кристофер Камачо, ағасы Максим мен боксшы Әли Ахмедовпен түскен суретін жариялады.
"Жаттығу лагеріне қайта оралған күшті. Барлықтарыңызды аман-сау көргеніме қуаныштымын", – деп жазба қалдырды ол.
Головкиннің келесі жекпе-жегі Жапонияда өтеді деп күтілуде. Оның қарсыласы орта салмақтағы WBA Super әлем чемпионы, жапон боксшысы Риота Мурата болады.
GGG-дің соңғы жекпе-жегін жанкүйерлер 2020 жылдың желтоқсанында тамашалаған еді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты