Әйелдерді "жек көретін" блогер Арсен Маркарянға 4,5 жылға сотталды

Мәскеу қалалық соты блогер Арсен Маркарянды нацистік идеологияны қолдады деген айыппен 4,5 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сот шешімі бойынша ол жазасын колонияда өтейді. Бұдан бөлек, Маркарянға 4 жыл бойы интернет-ресурстарды басқаруға тыйым салынды.
Блогердің айыпталуына екі бейнеролик себеп болған. Тергеу нұсқасы бойынша, видеоның бірінде блогер Кеңес Одағының Батыры Александр Матросовтың естелігін қорлаған. Ал екіншісінде Адольф Гитлердің әрекеттерін ақтаған.
Блогер кінәсін толық мойындап, ісін ерекше тәртіппен қарауды сұраған. Мұндай жағдайда сот дәлелдерді толық зерттемейді және жаза максималды мерзімнің үштен екісінен аспайды.
Соңғы сөзінде Маркарян: “Тағы да кешірім сұраймын. Сөзім біреудің жанын жараласа, бәрінен кешірім өтінемін. Қателестім, қатты өкініп отырмын. Жарты жыл тергеу изоляторында отырғанымның себебін түсіндім. Бұл сабақты өмір бойы ұмытпаймын”, – деді.
Айыптаушы тарап блогерге 6 жыл 10 ай түрме жазасын сұраған. Қорғау тарапы соттан жеңілдететін жағдайларды ескеруді сұрады. Атап айтқанда, Маркарянның 1арнайы әскери операцияны1 қолдайтын қорларға қайырымдылық жасаған және оның әрекетіне күйзеліс әсер еткені айтылған.
Сонымен қатар блогер соттан өзін түрмеге тоғытпауды сұрады. Өйткені бұл оның екі қызының өміріне әсер ететінін айтқан.
Маркарян өткен жылдың тамызында Мәскеу облысында ұсталған. Ресей Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұсталған сәтте ол көліктің жүксалғышында жасырынып отырған.
"Мен үшін сабақ болды": “Қазақстан” шоколадын келемеждеген ресейлік блогер халықтан кешірім сұрады
Блогер ең алдымен әйелдерді кемсітетін мәлімдемелерімен танымал болған. Оның YouTube-арнасында 200 мыңнан астам жазылушы болған. Блогер онда ерлердің әйелдерден “үстемдігі” туралы айтып жүрген.
2024 жылдың шілдесінде “Қауіпсіз интернет лигасының” басшысы Екатерина Мизулина оның мәлімдемелеріне байланысты блогерге қарсы арыз жазатынын айтқан.
2025 жылдың қаңтарында Мәскеу прокуратурасы Маркарянға қарсы терроризмді ақтау бабы бойынша іс қозғау бастамасын көтергенін хабарлаған. БАҚ мәліметінше, бұған оның Ресейге жасалған украин дрондарының шабуылдары туралы айтқан сұхбаты себеп болған. Алайда бұл бап бойынша іс қозғалғаны ресми түрде расталмаған.
2025 жылдың қарашасында блогер тергеу изоляторында отырған кезде, оған есірткі тараттыдеген айып тағылды. Ол кезде блогерге 15 мың рубль айыппұл салынған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақ қыздарын қорлаған ресейлік блогер кешірім сұраған еді.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген