Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғимараттың төбесінде отырған снайпер алматылықтарды шошытты

Алматылықтар Наурыз мейрамын тойлау кезінде қаладағы танымал ғимараттардың бірінің төбесінде снайпердің отырғанын көрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Наурыз мейрамын тойлау кезінде тұрғын снайперді көріп қалып, видеоға түсіріп алған.

"Алматыда Наурыз тойлап жүріп, көргенімді қараңыздар. Камера дұрыс көрсетпейді, бірақ ана жерде снайпер отыр, мылтықпен келген ғой. Бетперде киіп алған, қолында қаруы бар. Шошып кеттім, өмірімде алғаш рет осындай нәрсе көріп тұрмын”, – делінген видеода. 

Видео желіде тез таралып, екі миллионға жуық қаралым жинаған.

Желіде пікірлер екіге жарылды. Халықтың бір бөлігі бұл қауіпсіздік шаралары аясында жасалғанын айтса, енді бірі мұның снайпер екеніне сенбеген.

Алматы қаласының полиция департаменті мұндай шараларды қабылдау қауіпсіздік протоколдарына сәйкес жүргізілетінін айтты.

"Жаппай мәдени-көрнекі іс-шараларды өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әртүрлі шаралар қарастырылған. Олар белгіленген алгоритмдерге сәйкес жүргізіледі. Бұл шаралар қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіптерге дер кезінде жауап беру үшін стандартты тәжірибе болып саналады. Олар тек азаматтарды қорғауға және қауіпсіздікке қатер төндіретін оқиғалардың алдын алуға бағытталған," – делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Жамбыл облысында Наурыз тойлау кезінде ат үркіп, адамдарға қарай шапқаны туралы жазғанбыз.

@bake_9595

Шын өмірдегі. Снаипер 😂😂😂

♬ оригинальный звук - Алматы установшик
Талқылау