Германияның Қазақстандағы елшілігінде мысық кеңесші қызметіне тағайындалды
Германияның Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігінде "Кокос" есімді мысық кеңесші лауазымына ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Германия елшілігінің Facebook парақшасында жарияланды.
"Қазақстандағы басқа да ұйымдар секілді Германия елшілігінің қызметкерлері COVID-19-дың таралуын алдын алу үшін үйлерінен жұмыс жасауда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар үй жануарлары коронавирус жұқтырмайтынын анықтап отыр. Сол себепті біз елшіліктің қызметін өзгертуге бел будық.
Енді елшілікте қалған қызметкерлермен бірге бірнеше мысық мекеменің жұмысын қадағалап отыр. Тіпті Кокос есімді мысық еңбексүйгіштігінің арқасында елшіліктің кеңесшісі лауазымына ие болды", - деп қосты елшілік өкілдері.
Бүгін 1 сәуір күлкі күнін екендігін ескере кетейік. Елшілік қызметкерлерінің дәл осылай қалжындағылары келуі мүмкін.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен