Германиялық желаяқ қыз әлемдегі ең сексуалды жеңіл атлет атанды (фото, видео)
Жеңіл атлет Алисия Шмидт әлемдегі ең сексуалды спортшы қыз деген атақ алды.
Оның бұл атаққа қаншалықты лайық екенін Инстаграм парақшасына кіріп білуге болады. Ол өте жас спортшы екеніне қарамастан, Германия құрамасының басты үміт күтетін көзір атлеті болып отыр. Ол жасөспірімдер арасында өткен жарыстарда көзге түсіп, үлкен қолдауға ие болған.
Ол көбінесе 200, 400, 800 метр қашықтықтарға жүгіреді.
Ол әлі жас және 2020 жылы Токиода өтетін олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлайды.
Ал әзірге оның әлеуметтік желідегі танымалдылығы спорттық мансабындағы танымалдылықтан асып түсіп тұр.
Шмидт әр сәт сайын жарысқа шыққан кезде фанаттар ысқырып, айғайлап, құрметпен қарсы алады. Сонымен қатар спортшы Puma компаниясымен келісім-шартқа да отырған. Ал Busted Coverage сайты болса Алисияның ең сексуалды атлет деп атады.
Алисия бұл атақты 19 жастағы австралиялық секіргіш Тэй Кларкпен бөлісіп тұр.
Ал Алисияның Инстаграмына 120 мыңнан астам жазылушы жиналған.