Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияға келген босқын Еврокомиссияда істейтін шенеуніктің қызын зорлап өлтіріп тастады

Германияда Ауғанстаннан келген босқын жігіт тұтқындалды. Оған Еврокомиссияда лауазымды қызметте істейтін шенеуніктің 19 жастағы қызын өлтірді деген айып тағылуда.

6hdmp4ohfJsL

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Медициналық салада білім алатын Мария Ладенбургер бос уақытында босқындарға арналған орталықтарда ерікті болып жұмыс істейді екен. Оның өлі денесі 16 қазан күні Фрайбург қаласының сыртынан табылған. Қызды зорлағаннан кейін оны өзенге батырған.

Алдымен қыздың шашына, денесіне жүргізілген сараптама нәтижесін бермейді. Тек үш аптадан соң жергілікті трамвайдың бейнебақылау камерасынан жас жігітті байқайды. Осыдан соң көп өтпей 2 желтоқсан күдікті жігіт ұсталып, ДНҚ сараптамасынан соң оның қылмысқа қатысы бар екені анықталады. Күдікті қызды өлтіргенін мойындаған.

Тергеу дерегі бойынша, Мария түнгі кештердің бірінен шығып үйіне бара жатқан кезде оған шабуыл жасаған. Әзірге екеуінің бұрын таныс болған-болмағаны белгісіз.

Қыздың әкесі Клеменс Ладенбургер Еврокомиссияда құқықтық басқару директорының көмекшісі қызметін атқарады.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда қуаттандырғышта тұрған ұялы телефонның кесірінен 7 айлық сәби көз жұмды

Астана-Көкшетау тас жолында көлік апаты кезінде көмекке ұмтылған жолаушының өзі ажал құшты

Жастайынан жетім қалып жақындарынан қорлық көрген қыз адам сенбес күйде тұрып жатыр

Талқылау