Германияда метеорит құлап, сынықтары тұрғын үйлерді зақымдады

Германияда метеорит құлады. Бұл құбылысты елдің батыс өңірлерінің тұрғындары байқады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle басылымына сілтеме жаасап хабарлайды.
Төменгі Саксония, Гессен, Рейнланд-Пфальц, Саар, Баден-Вюртемберг және Солтүстік Рейн – Вестфалия тұрғындары метеориттің құлағанына куә болды. Олар әлеуметтік желіде сол сәттің видеосы мен суреттерін жариялады.
Алайда метеориттің сынықтары Германияның батысындағы бірнеше тұрғын үйдің шатырын зақымдаған. Үйлердің зақымданғаны туралы шағым Кобленц қаласынан, сондай-ақ Хунсрюк және Айфель тау жоталарынандағы тұрғындардан түскен.
“8 наурыз күні шамамен сағат 19:00-де Кобленц қаласының Гюльс ауданындағы тұрғын үйдің шатырына “күйіп түскен аспан денесі” құлаған. Алғашқы мәлімет бойынша ешкім зардап шекпеген, оқиға орнына өрт сөндірушілер мен полицейлер келген”, – деп мәлімдеді полицияның жедел штабы.
Ал AFP агенттігінің хабарлауынша, оқиға салдарынан кейбір адамдар жарақат алған.
Кайзерслаутерн қаласындағы полиция мәліметінше, тұрғындар аспанда “жарқ еткен жарық нысанның ұшып бара жатқанын” немесе шағылысып өткен жарықты көрген. Кейбіреулер бұл нысан ракетаның ұшуынан болуы мүмкін деп болжам жасады.
Құқық қорғау органдары аспан денесінің қауіпсіз екенін және оқиғаның әскери әрекеттермен байланысты еместігін атап өтті.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік