Adidas компаниясының Еуропадағы кеңселерінің бірінде тінту жүргізілді
Германия полициясы 10 желтоқсанда Adidas компаниясының бірнеше қаладағы кеңселерінде салықтық тергеу аясында тінту жүргізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Кit Lau/shutterstock
Агенттіктің мәліметінше, тінту Германияға 2019 жылдан бері импортталған тауарларды кедендік және салықтық рәсімдеуге қатысты тергеу аясында жүргізілген.
Ал Adidas-тың Қытайдағы филиалында жемқорлыққа қатысты айыптауларды тергеп жатыр.
"10 желтоқсанда билік Adidas компаниясының Херцогенаурах қаласындағы кеңсесінде және басқа да кеңселерде тінту жүргізді. Тергеу 2019 жылдың қазан айынан 2024 жылдың тамыз айына дейінгі кезеңді қамтиды. Германияға өнім импорттауға қатысты кедендік және салықтық заңнаманы сақтау мәселелеріне байланысты тергелді", – деп хабарлайды басылым.
Сонымен қатар басылым тергеу барысында компания бірнеше жыл бойы кеден қызметімен тікелей қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.
- Қытайдан тауар алып, онлайн дүкендерде сататындардың жұмысы қаншалықты заңды – Министрлік түсіндірді
Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік шопинг күніне орай Қазақстанда кең көлемде сатылымдар ұйымдастырылды. Статистика бойынша, алматылықтар өте көп сауда жасайды. Соңғы екі айда 700 миллиард теңгеге сауда жасалған. Бұл басқа қалалармен салыстырғанда үш есе көп. Статистикаға сүйенсек, ең көп киім алатындар Астана және Қарағанды облысында тұрады. Әрбір тұрғын ай сайын дүкендерге орта есеппен 120 мыңнан астам ақша жұмсайды.