Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германия "Талибанды" әйелдерге қатысты дискриминация үшін сотқа бермек

Германия, Аустралия, Канада мен Нидерланд Ауғанстанда билік басындағы "Талибан" ұйымына қарсы БҰҰ Халықаралық сотына шағым түсірмек. Басты себеп – әйелдерге қатысты дискриминация. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

талибан

Фото: Bilal Guler/Anadolu Agency via Getty Images

Мемлекеттер тәліптерді БҰҰ-ның әйелдерге қатысты дискриминацияны жою туралы конвенциясын бұзды деп айыптап отыр. 

"Германия сыртқы істер министрі Анналена Бербок БҰҰ бас ассамблеясы алаңында тәліптер үкіметінің әйелдерді кемсіту мәселесіне қатысты Аустралия, Канада мен Нидерландтан келген әріптестерімен талқыламақ. Мемлекеттер белгіленген мерзім ішінде тәліптер жағдайды жақсартуға әрекет етпесе, сотқа жүгінеді. Сонымен қатар БҰҰ Гаагадағы халықаралық соты да тартылуы мүмкін", – делінген басылым хабарламасында. 

Еске салайық, ауған әйелдері “Талибан” қозғалысының ер адамның көзінше сөйлеуге тыйым салатын жаңа заңына наразылық білдірген еді. Олар қарсылық ретінде өз түрлерін көрсетіп, ән айтқанын видеоға түсіріп, желіге жүктеген

Талқылау