Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германия Ауғанстан мен Сирия азаматтарын елден шығарады

Германия ауғандар мен Сирия азаматтарын елден шығарадыФото: pixabay.com

Германия Ауғанстан мен Сирия азаматтарын елден шығару үшін тәліптермен келіссөздер дайындап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Елдің ішкі істер министрі Александр Добриндттің айтуынша, Германия қылмыс жасаған ауған азаматтарын тұрақты түрде елден шығару жүйесін жолға қоймақ. Сонымен қатар Сирия азаматтарын депортациялау механизмін де әзірлеп жатыр.

Қазан айында Германия ІІМ өкілдері Ауғанстан астанасы Кабулға барып, талибтермен депортация мәселесі бойынша келіссөздер өткізеді. Бұл тек Германияда қылмыс жасаған ауғандарға қатысты.

Бұған дейін Германия, Катар, ауған қылмыскерлерін екі рет елден шығарған. Соңғы рет 2025 жылғы шілде айында 81 адам Ауғанстанға жіберілген. Айта кету керек, Германия тәліптер үкіметімен ресми дипломатиялық қатынас орнатпаған. Сондықтан мүмкін болатын келісімнің нақты шарттары әзірге белгісіз.



Сонымен қатар Берлин Сирия азаматтарын да депортациялай бастамақ. Алдымен қылмыс жасағандар, кейін елде қалуға заңды құқығы жоқ адамдар депортацияланады. Бұл ретте "жақсы бейімделген" мигранттар мен әлеуметтік көмекпен өмір сүретін, пана алу құқығынан айырылғандар арасында айырмашылық жасалады.

Гүлсезім Мұхатай
Жексенбі, 28 Қыркүйек, 2025 10:40
Талқылау