Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкиннің шапаны шаршы алаңға киіп шығуға дайын

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин британиялық Келл Брукқа қарсы өткізетін жекпе-жекке дәстүрлі қазақ шапанымен шығады.

66666

Бұл туралы Головкиннің Инстаграмдағы ресми парақшасында жарияланды.

GGG үшін бұл дәстүрге айналған. Шапанның дизайнын Бағдат Айнақұлов жасап шыққан. Шапанда қазақы нақыштағы өрнектерден бөлек, оған GGG сөзі жазылған. Бұл өз кезегінде брендке де айналды.

Головкин шаршы алаңға Jordan компаниясы жасап шығарған арнаулы боксеркада (аяқ киім) шығады деп күтілуде. Ол да ұлттық стилде безендірілген.

3Gg2TVIPzss

Еске сала кетсек, Брук салмақ өлшеу рәсімінде Головкиннен ауыр болып шыққан еді. Бұл оның орта салмақтағы алғашқы кездесуі. Кәсіпқой шаршы алаңда Геннадий Головкин жалпы саны 35 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жетсе, 32 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ал Келл Брук 36 рет шаршы алаңға шығып, оның барлығында дерлік жеңіске жете алған. Ал 25 кездесуін нокаутпен аяқтапты.

Бұл жекпе-жек үшін қос боксшы да өздері үшін ең жоғарғы рекордтық сомадағы ақша алады. Кездесу орта салмақ аясында өтетіндіктен Головкинге IBO, IBF және WBC атақтарын қорғауға тура келеді.

Кездесу барысында ямайкалық Марлон Райт шаршы алаңдағы төреші қызметін атқарса, боксшылардың іс-қимылын Гуидо Каваллери (Италия), Крейг Меткалф (Канада) және Бенуа Россель (Канада) сынды төреші мамандар бақылайды.

Айта кетейік, 10 қыркүйек күні Лондондағы О2 аренада өтетін бокс кешінде WBA (Super), IBO, IBF және WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымының чемпионы британиялық Келл Брукпен (36-0, 25 КО) күш сынасады.

“Қазақстан”және KazSport телеарналары жекпе-жектерді тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші Астана уақытымен түнгі 23:00-де басталады.

Бұған дейін Гена аталмыш жекпе-жек барысында төрешілер шешімі қажет болады деп ойламайтынын айтқан еді. Сондай-ақ, әйгілі футболшы Златан Ибрагимовичтің Головкинге жанкүйер болуы үшін бокс кешіне арнайы баратындығы айтылған еді.

Талқылау