Геннадий Головкиннің қолғабы аукционда 9 миллион теңгеге сатылды
Бурабай шипажайында жыл сайынғы дәстүрлі қайырымдылық аукционы өткізілді.
Бұл туралы newtimes.kz хабарлайды.
Аукцион барысында 2017 жылы сәуір айында жол апатынан қаза тапқан велошабандоз Микеле Скарпонидің велосипедін NSS компаниясының өкілі алса, Геннадий Головкиннің қолтаңбасы қойылған қолғапты «Kazzinc Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Николай Попович сатып алды.
Аутизммен ауыратын балалар бейнелеген үш картина 8 миллион теңгеге саудаланды. Аукцион барысында ең қымбат сауданы бизнесмен Арманжан Байтасов жасады. Ол Astana Pro Team командасының спортшысы Фабио Арудың велосипедін 29 миллион теңгеге сатып алды.
Оқи отырыңыз:
Қытайда әділетсіз жеңілген қазақ боксшысының жанкүйерлері шу шығарды
Белгілі комментатор “Селтиктен” ұтылған “Астана” ойыншыларының жіберген кемшілігін атады
Қуат Найман “Астананың” жеңілісінен соң Қазақстанда футболға тыйым салуды ұсынды
Серік Қонақбаев Қанат Ислам мен Головкиннің алдағы айқастарына болжам жасады