Геннадий Головкиннің қаржылық жағдайы анықталды
АҚШ-та тұрып, жаттығып жүрген қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің қаржылық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BoxingNews24 америкалық басылымы.

БАҚ-тың жазуынша, Головкиннің байлығы 30 миллион долларды құрайды.
Бұл ақпарат Головкин мен жапондық Рета Муратамен 2022 жылдың көктемінде өтетін жекпе-жегіне арналған мақалада айтылған.
Автор GGG жыл бойы ешқандай әрекет жасамай, енді Муратамен үлкен ақшалай жүлде үшін күрес күтіп жүргенін айтады.
"Бұл Головкиннің танымалдылығына нұқсан келтірді, бірақ ол бұл туралы алаңдаулы ма, белгісіз", – делінген мақалада.
Басылым Головкин жақын арада өз мансабын аяқтайды деп есептейді.
Еске сала кетейік, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың желтоқсан айында поляк Камил Шереметаға қарсы өткізген болатын.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"