Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болып сайланды

БоксФото: facebook.com/gggboxing/

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның даңқты боксшысы Геннадий Головкин Римде өтіп жатқан World Boxing басшысын сайлау барысында жеңіске жетіп,  ұйымның президенті болып бекітілді. 

Сайлауда GGG жалғыз кандидат болды. Конгреске қатысқан мүшелер оны бірауыздан қолдап, дауыс беру нәтижесінде жоғары лауазымға тағайындады.

Осылайша, Геннадий Головкин халықаралық спорт федерациясын басқаратын тұңғыш қазақстандық ретінде тарихқа енді.

Сайлаудан кейін Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаев Головкинді халықаралық ұйым президенті болып сайлануымен құттықтап, оның бұл жетістігін спорттағы қажырлы еңбектің лайықты жемісі екенін атап өтті.

“Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды” – делінген құттықтауда.

Геннадий Головкин мансабындағы соңғы жекпе-жегін Қазақстанда өткізбек


Геннадий Головкин World Boxing федерациясының президенті лауазымына өз кандидатурасын ұсынады


Айта кетейік, бұл ел спорт үшін айтулы оқиғаның бірі.

Бұған дейін Геннадий Головкиннің World Boxing Президент лауазымына жалғыз үміткер болғаны туралы жазған едідк.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 23 Қараша, 2025 18:10
Талқылау