Газада ХАМАС көшбасшыларының бірі Мохаммед Синвардың денесі табылды

Фото: alarabiya.net
Газа секторының оңтүстігінде ХАМАС палестиналық радикалды қозғалысы көшбасшыларының бірі Мохаммед Синвардың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөздің мәліметтерінше, ХАМАС саяси бюросының бұрынғы басшысы Яхья Синвардың бауыры мен тағы 10 содырдың денесі Хан-Юнис қаласының маңындағы туннельден табылды.
ХАМАС қозғалысы әзірге бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ.
13 мамыр күні Израильдің қорғаныс армиясы Хан-Юнистегі еуропалық аурухананың астындағы штабқа соққы бергенін мәлімдеген болатын. Көзделген нысан ХАМАС-тың әскери қанатын басқаратын Мухаммед Синвар болатын, деп хабарлады Израильдің Kan мемлекеттік телерадиокомпаниясы.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"