Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Газа секторындағы атыс келесі аптада тоқтайды деп ойлаймыз – Трамп

Трамп Газадағы атыс тоқтайтынын айтты

Фото: bloomberg.com

АҚШ президенті Дональд Трамп келесі аптаның ішінде Газа секторындағы атыс тоқтатуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мен осы жағдайға қатысы бар бірнеше адаммен сөйлестім. Онда болып жатқан жағдай – сұмдық. Біз келесі аптада атыс тоқтайды деп ойлаймыз. Өздеріңіз білетіндей, біз ол жаққа көп көлемде қаржылай көмек пен азық-түлік жіберіп жатырмыз", – деді АҚШ президенті Дональд Трамп 27 маусым күні журналистер алдында сөз сөйлегенде.

Трамп атысты тоқтату келісімі қалай жүзеге асатынын нақтыламады және кімдермен сөйлескенін айтпады. Бұл соғыс 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС Израильге шабуыл жасағаннан кейін басталған еді.

"Біз бұл іске араласып жатырмыз, себебі адамдар қаза болып жатыр", – деп қосты ол.

Бұған дейін осы аптада Франция президенті Эммануэль Макрон Трамптың бітім орнатуға күш салып жатқанын айтқан еді.

"Газа мәселесіне келсек, мен Трамп президентінің бұл бағытта өте табанды, шешімді әрекет етіп жатқанын байқадым. Ол атысты тоқтатудың маңыздылығын жақсы түсінеді және бұл мәселеде оның араласуы өте маңызды деп есептеймін. Оның командасы келіссөздерге қатысып жатқанын білемін", – деді Макрон Брюссельде журналистерге. 

Айым Болатқызы
Сенбі, 28 Маусым, 2025 16:06
Талқылау