Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзендегі "Қазақ газ өңдеу зауытының" басшысы ұсталды

Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының бас директоры мен сұйытылған газ сататын электронды сауда алаңының басшысы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаржы мониторингі агенттігі сұйытылған газ бағасын негізсіз өсіруге қатысы бар "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС басшылығына және басқа да жауапты тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғаны хабарлады. 

Қаржы мониторингі агенттігі осы іске қатысты кінәлі адамдарды ұстау үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қазақ газ өңдеу зауыты еліміздің басым бөлігін атап айтқанда, көліктерге жанармай құю үшін сұйытылған газ пайдаланылатын Маңғыстау облысын газбен қамтамасыз етеді.

2021 жылдың маусымында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы үш жылда елімізде газ тұтыну екі есеге артқанын, ал аталған газ өңдеу зауытындағы негізгі жабдықтардың 90 пайызы тозғанын айтқан болатын.



Кейін мемлекет басшысы сұйытылған газ жеткізуші кәсіпорын — Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын сынға алды. Тоқаев Үкіметке "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп жұмысты жандандырып, жаңа зауытты 2023 жылдан кешіктірмей іске қосуды тапсырды.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 05 Қаңтар, 2022 08:28