Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гаухар тастан шашу шашқан: Отандық продюсер еліміздегі ерекше тойлар туралы айтып берді

Той бизнеспен елге танылып, көптеген беледлі адамдардың тойларын өткізіп, басы-қасында жүрген продюсер Жан Мұқанов еліміздегі тойларда орын алатын ерекше жағдайлар туралы сөз етті, деп хабарлайды Tengrinews сайтының «Тһе Эфир» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz.

Продюсер сұхбат беру барысында Шымкентте өткен тойлардың біріндегі қымбат торт туралы да сөз етті. Айтуынша, торттың жұрт талқысына түсуіне оның бағасы себеп болған. Алайда Мұқанов халықтың басқа да тойларда орын алып жатқан ерекше жағдайлар туралы білмейтінін айтып қалды.

«Көбі білмейді елімізде қандай тойлар болып жатқанын. Бір тойда шашу ретінде гаухар тас шашқан. Гаухар тас па нақты білмеймін. Мүмкін Сваровский тастары да бар шығар. Бірақ гаухар тас деп атап, сондай шашу шашты. Бір қызығы, гаухар тастар жерде жатқан түкті кілемге сіңіп, жоқ болып кетті. Тойдан кейін даяшылар жинап отырған. Бірақ оларға бермей қойды», – дейді продюсер.

Гаухар тасты шашудан бөлек, ғашықтар үйлену тойында жанжалдасып, сол мезетте ажырасып кететіндер де бар екен.

«Жаман төбелес болған тойлар да болды. Той ортасында жастар быт-шыт болып төбелесті. Қалыңдық аяқ киімін күйеу жігітке лақтырып, оның өкшесі жігіттің маңдайына тиіп, сол жерде ажырасып кетті», – дейді продюсер.

Сондай-ақ, продюсер өзі тойларын өткізіп беріп жүрген беделді адамдардың есімін құпия сақтайтынын айтты.

«Көбі көре алмайды. Бір торт үшін қаншама сөз қылды. Сол тойдың иелерін уайымдадым. Бірақ қазіргі уақытта мықты дейтін тойлар жоқ», – дейді Жан Мұқанов.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шымкентте өткен тойлардың біріндегі ресейлік танымал кондитер Ренат Агзамовтың қолынан шыққан торт жұрт талқысына түскен еді.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртасты жапондарша қарсы алған Гүлзира Айдарбекова сын астында қалды (видео)

Қазақ қызы Моңғолияда түсірілген фильмде басты рөл сомдады (фото)

Баян Сұлудың рөлін сомдаған актриса тұрмысқа шыққалы жатыр (видео)

Айсәуле Бақытбек: Бақытты әйел маған жағымсыз пікір жазады деп ойламаймын

Талқылау