Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шумков ісі: Алматыда өзін емдеп жүрген дәрігерді атып өлтірген ер адамға сот үкім шығарды

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында гастроэнтеролог-дәрігер Юрий Шумковты өлтірді деп айыпталған күдіктіге үкім шықты. Үкімді судья Еркін Майшинов оқыды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сот 1987 жылы туған Т.-ны бірнеше бап бойынша кінәлі деп танып, оны 18 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.

Сонымен қатар, сотталушы марқұмның отбасына өтемақы төлеуге міндеттелді.

Бұған дейін прокурор кісі өлтірді деп айыпталған ер адамды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Сотталушы Нұржан Тұрсынбаевқа бірден Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылды:

ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі ("Кісі өлтіру");

ҚР ҚК 115-бабы ("Қорқыту");

ҚР ҚК 287-бабы, 2 және 3-бөліктері ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру");

ҚР ҚК 291-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы ("Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу"); 380-бап, 1-бөлім ("Билік өкіліне қатысты қатер немесе зорлық-зомбылық").

Гастроэнтеролог Юрий Шумков 4 сәуірде таңертең Алматыда автотұрақта өлтірілген болатын. Қылмыскер оны мылтықпен атып, қашып кеткен. Кейін ол Шаңырақ шағын ауданында ұсталды.

Талқылау