"Бұл күнге ұзақ дайындалдым": Жұлдыз Әбдікәрімова анасына пәтер сыйлады

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары әрі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова анасына пәтер сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Бұл күнге ұзақ дайындалдым. Көп күттім. Қатты қаладым. Армандадым. Осы сәт үшін шаршамай еңбек еттім. Маған әлемнің жарығын сыйлаған анашыма қандай тарту етсем де, өтелмес борышым деп білемін”, – деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртастың концерті алдында қолдау білдіргені хабарланған еді.
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады
"Еркектен сезіне алмаған қамқорлықты сезіндім": Қазақстандық әйелдер бостондық некеде қалай өмір сүріп жатыр
Алайда кейіпкеріміздің сөзінше, бостондық неке жақсы жағынан гөрі жаман тұсымен ерекше есінде қалған