Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Болашақ" бағдарламасының түлектеріміз": "Гастроцентрдің" экс-құрылтайшысы Бишімбаевпен не байланыстырғанын айтты

Цифрлық даму министрлігі басшысының бірінші орынбасары Қаныш Төлеушин Салтанат Нүкенова қайтыс болған елордалық "Гастроцентрдің" құрылтайшылары құрамынан қалай шыққаны туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz, Жоғары сот

Вице-министрдің айтуынша, ол бизнеске мемлекеттік қызметтен бұрын келген. 

"Әртүрлі жобаларға, соның ішінде осы жобаларға да инвестиция салдым. Бұл жобада қазір құрылтайшы емеспін. Қуандық Бишімбаевпен қандай қарым-қатынаста болдым? "Болашақ" бағдарламасының барлық түлектері әркез өз жобаларымен бөлісетіндіктен, үнемі кездесіп жүреді. Сондықтан, "Болашақ" бағдарламасының барлық түлегі сияқты біз де үнемі сөйлесіп отыратынбыз. Бұл бізді байланыстыратын жалғыз нәрсе шығар. Сондықтан тағы да қайталаймын, мен бұл нысанда қазір құрылтайшы ретінде жоқпын", – деді Қаныш Төлеушин.



Оның айтуынша, ғимаратқа иелік ететін компаниядағы үлесін сатуды ол мемлекеттік қызметке ауысқан кезде Салтанат Нүкенованың қазасына дейін жоспарлаған. Төлеушин 2023 жылдың маусым айында цифрлық даму вице-министрі болды.

Гүлсезім Мұхатай
Дүйсенбі, 18 Қараша, 2024 15:02
Талқылау