Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғашықтар 120 метр биіктікте некелесті (фото)

Үйлену тойын арманыңдағыдай етіп өткізу үшін кім болса да қаражатын аямайды. Мәселен, Райан Дженкс пен Кимберли Веглин салтанатты шараны Юта шөлінде, жерден 120 метр биіктікте өткізген.

Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жас жұбайлар алғаш Моав тауларында танысқандықтан, некелерін осындай биіктікте қиғанды жөн көрген. Мұны істеу үшін олар америкалық арқаншы саяхатшы Энди Льюис пен атақты The Hearnes фотографтарын жалдаған.

Екеуі бірігіп, арқандарды тарта отыра, тор құрастырып ерекше үйлену тойын ұйымдастырған. Нәтижесінде, неке рәсіміне қатысушылардың бәрі арқандар мен арнайы торлардың үстінде тепе-теңдік сақтап тұруға “мәжбүр болған”.

Райан мен Кимберли сөз байласқан уақытта олардың достары әуеде түрлі өнер көрсетіп, тіпті парапланда ұшқан. Қалыңдықтың құрбылары гүлзармен безендірілген парашюттан секірген.

Жас жұбайлар осылайша бір-біріне деген сезімдерін әуеде көрсеткісі келген. Кимберли үш жылдың ішінде сүйіктісіне жүз пайызға сенетіндей жағдайға жеткенін атап өтті. Сол себепті махаббатымыз шынайы әрі қарым-қатынасымыз ерекше, дейді күйеужігіт.

«Біз өзімізге берілген уақытты ұрыс-жанжалға жұмсамайсыз. Жоқ жерден ұрыс іздеп табуға тырыспаймыз. Ондай мәселелермен басымызды қатырғымыз келмейді. Біздің үйлену тойымыз  бір-бірімізге және өмірге, өзіміздің қоршаған ортамызға деген махаббатымызды білдіреді»,- дейді Кимберли.

Жіберіп алмаңыз:

Әкесіндей азаматтарға тұрмысқа шыққан азиялық жасөспірімдер (фото)

Қабығымен жеуге болатын банан өсірілді (фото)

Иесіне махаббатын дәлелдеу үшін күн сайын жапырақ әкеліп жүрген мысық көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Әлемдегі ең қауіпті шыңда қарға батып қалған альпинист қыз құтқарылды (видео)

Талқылау