Массаж жасайтын әйел Ғашықтар күні шамадан тыс шаршап көз жұмды

14 ақпанда Ресейдің Петербор қаласындағы спа-орталықта клиент көптігінен массаж жасайтын әйел жұмыста шамадан тыс шаршап, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
SHOT мәліметінше, Индонезиядан келген 36 жастағы қызметкер күні бойы үзіліссіз қонақтарға қызмет көрсеткеннен кейін өзін жайсыз сезінген. Ол демалу үшін массаж үстеліне жатып демалуды шешкен, кейін орнынан тұрған кезде есінен танып қалған.
Әйел жедел түрде ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер оның шамадан тыс жүктемеден осындай халге түскеніне күдіктенді. Алайда дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, әйелді аман алып қалу мүмкін болмады. Ол есінен танғаннан кейін екі сағаттан соң көз жұмды.
Әріптестерінің айтуынша, қайтыс болған күні – 14 ақпанда – клиенттер тым көп, сәйкесінше, әйел сағат сайын адам қабылдаған. Әйел шаршағанын және клиент ағынының көптігін айтып шағымданған. Ол таңнан бері үзіліссіз жұмыс істеген.
Индонезиялық әйел Петерборға жарты жыл бұрын табыс табу мақсатында келіп, спа-орталыққа ресми түрде жұмысқа орналасқан. Өз елінде оның кәмелетке толмаған екі баласы қалды. Қазір отбасы Индонезияға мәйітті жеткізу үшін өлім туралы куәлік пен ауруханадан құжаттарды күтіп отыр.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр