Гамза-заденің «Лашын» тобындағы Элизатқа қолы жетпей жүр
Әнші Серік Гамза-заде «Сұп сұлу» әніне бейнебаян түсіріп жатыр. Бейнебаян желісі бойынша әнші жігіт «Лашын» тобындағы Элизат үшін Киевтен Батумиге дейін барады.
Бұл туралы Гәкку арнасы хабарлаған.
«Біз бұл бейнебаянды екі қалада, тіпті, екі мемлекетте түсірдік. Оқиға Киевтен басталып, Батумиде аяқталады», – деп түсіндірді әнші.
Сюжет бойынша, Киевте бейтаныс қызды ұнатып қалған жігіт онымен танысуға ниет білдіреді. Алайда қыз оның бетін кері қайтарып, егер расымен де танысқысы келсе, қызды ғаламның кез келген нүктесінен тауып алатынын айтады.
«Сол себепті де мен қыздың артынан, Батумиге аттандым», – дейді әнші.
Алайда Гамза-заде Грузияда ғашығына қол жеткізе ме, жоқ па, әзірге белгісіз. Есесіне әнші бұдан бөлек 2-3 ән жаздырғанын айтып қалды. Солардың біріне беянебаян түсіру де жоспарда бар көрінеді.
Айта кетейік, продюсер Ерік Тәстембеков Киевтен және Батумиден сәлем жолдап, бейнебаян кейіпкерлерінің суреттерін жариялаған еді.
Жіберіп алмаңыз:
Қайрат Нұртастың бейнебаянына түскен жігіт Айсұлу Әзімбаеваға сезімін білдірді
Нұржан Керменбаев бейнебаянының тұсауын кесіп, алғаш рет ұлын көрсетті
Бүркіттің «Келші Құланға» атты бейнебаяны жарық көрді
Белгілі КВН ойыншысының әйелі алғашқы бейнебаянын түсірді (видео)