Ғалымдар: Жер планетасына жаһандық жойылып кету қаупі төніп тұр
Ғалымдар климаттың өзгеруіне қатысты жаңа зерттеу жұмысын жүргізіп, көңілге қаяу түсіретін болжам жасады. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, планетаның температурасы енді 2 градусқа жоғарылайтын болса, көптеген өсімдік түрлері жойылады.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Климат өзгеруінің залалы мұнымен бітпейді. Егер Жер температурасы үш не одан да көп градусқа жоғарыласа, барлық өсімдіктердің жартысынан көбі жойылып кету қаупі бар.
Жұмсақ климатты елдердегі қалың ормандар мүлдем жоқ болып кетуі мүмкін. Оңтүстік Америка, Аустралия, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі барлық орман ресурстары бірнеше онжылдықта көзден ғайып болуы ғажап емес.
Ал 2100 жылға қарай тіршілік орындарының жойылуы салдарынан – жәндіктерден бастап, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер жоғалып кетуі мүмкін.
Шығыс Азия климатология университеті ғалымдарының пікірінше, оны алдын алудың бір ғана жолы – атмосфераға зиянды заттарды тастауды шектеп, бақыланбайтын өндіріс орындарын құруды тоқтату.
Ғалымдар ескертеді: Егер бүкіл әлем жұмылып, бір шешімге келмесе, аз уақыттың ішінде өсімдіктер мен жануарлардың 40 мың түрі жойылып, оның кесірі адамдарға да тиеді.
Жіберіп алмаңыз:
Жер бетіндегі “ең ақылды” қала анықталды
Тері түсі екі түрлі болып туған егіз қыздар көпшілікті таңдандырды (фото)