Ғалымдар қызыл түсті акуланы көріп таңғалды
АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Труро шағын қалашығында жағалаудан қызыл акуланың өлі денесі табылды. Экскурсиялық қызметтің жұмысшылары жағадан табылған жыртқыштың ерекше жарқын түсін көріп таңғалды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Fox8-ге сілтеп.

Аузы мен іші қызыл түске боялған жыртқыш желі қолданушыларын ғана емес, ғалымдарды да ойландырып қойды.

Жағалаудан табылған акуланың іші мен аузы не себептен қызыл екені әзірге белгісіз. Ақ акулаларды қорғау жөніндегі жергілікті комитеттің сарапшылары табылған қызыл түсті акуланы сойып, зерттеу жүргізді.

Тексеру кезінде жыртқыштың асқазанынан үш негізгі зат табылды. Бірақ, мамандар тексерудің нәтижелері кейінірек жарияланатынын айтты.

Айта кетейік, қазіргі таңда акулалардың 500-ден астам түрі бар, ал олардың ең ұзыны 20 метрге дейін жетеді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан