Ғалымдар Каспий теңізінде әлі күнге су перісінің өмір сүретінін айтты
Каспий теңізінде су перісі мекендейді. Оның тіпті браконьерлерге шабуылдайтынын қайраңда жұмыс істейтін мұнайшылар да байқаған. Тіпті Жак-Ив Кустоның өзі өлерінің алдында Каспиге келіп, жұмбақ тіршілік иесін тапқысы келіпті деседі.
Сурет dailymotion.com
Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.
Әзербайжандық ғалым Самед Әли Джафаров өзінің балалық шағын Ленкорань қаласындағы Каспий жағалауында өткізген. Ол бірде атасымен бірге түнге қарай балық аулауға шығады. Сол кезде 15 жастағы Самед балықтардың арасында жүзіп жүрген су перісін байқап қалған.
“Самед Джафаров Әзербайжан мен Иранның біраз ғалымдарының күлкіге қаламыз деп айтпай жүрген құпиясын айтты. Шын мәнінде Иранда Каспий теңізінде су перілерінің өмір сүретініне ешкім де күмәнданбайды. Оны олар рунаншах деп атайды. Бұл тек фольклор элементі ғана емес, бұл шынайы бақылау мен адамдардың куәгерлігінен туындаған нәрсе. Өйткені, мұсылмандық сенім де өтірік айтуға жол жоқ. Каспий теңізі негізі миллиард жыл бұрын пайда болған құрлықтардың түйісуінен пайда болған жер бетіндегі ең ежелгі табиғи су көзі. Бұдан бөлек, Каспий – эволюция тұрғысынан да мүлде басқаша жолмен дамитын тұйық экожүйе. Сондықтан бұнда адам-балықтардың өмір сүруі әбден мүмкін”, – дейді зерттеуші Әділ Қоразбаев.
Ғалым Самед Джафаров куәгерлердің көргендері және жекелеген бақылаулар дерегіне сүйене отырып Каспий су перілері туралы толық анықтама берді. Оларда күміс-көкшіл тері және қоңыр, жасыл түсті ұзын шаш. Сосын су перілерінде кәдімгі адамның қол секілді қол, бірақ төрт саусақты және көздері үлкен. Ал құлақтары жоқ. Ал оларда құйрық бар ма деген сауалға Джафаров жауап бере алмады.
Баку музейлерінің бірінде капитан Гафар Гасанов жасаған су перісінің суреті сақталған. Өз уақытында бұл тарихи оқиға нағыз сенсацияға баланған.
Соңғы кездері барлығы су перісінің пайда болуы азайып кеткенін байқады. Самед Джафаров мұның себебі Каспий теңізіндегі экологиялық жағдайдың төмендеуіне қатысты деп санайды. Әзербайжан мен Иран жағалауларында жер астындағы қызып тұрған газдардың сыртқа тебуі әсерінен лас вулкандар ояна бастаған.
Каспий су перілері браконьерлерді жек көріп, оларға жиі шабуыл жасайды екен. Сол себепті олар теңізге шығудан да бас тартқан. Тіпті 1998 жылы теңізге шыққан бір балықшыға жұмбақ жануар шабуыл жасап, нәтижесінде дәрігерлер балықшының аяғын кесуге мәжбүр болған.
“Маған Каспий су перісімен қақтығысуға тура келді. Мен ол кезде жұмыссыз болып, браконьерлікпен айналысып жүрдім. Теңізге шыққан кезекті бір күні қайығымның моторы істен шығып, оны қолмен жүргізуге тура келді. Бір сәтте қайықты соққан күшті соққыны естідім. Олардың түсі қап-қара болды. Мен етпеттей құлап, сол сәтте енді ешқашан браконьерлікпен айналыспаймын деп жалбарына бастадым. Мен оған қанша жалынсам да тыңдамай, қайыққа қарай өрмелей бастады. Мен оны бар күшпен ескекпен ұрдым. Ол маған қарай секірген кезде, мен қатты соққыдан есімнен танып қалдым. Жағада жатқан сәтте бір-ақ ояндым”, – дейді аты-жөнін атамауын өтінген куәгер.
Интернетте мұнай саласында қызмет атқаратын әзербайжандықтардың әңгімесін оқуға болады. Олар адамның басы сияқты бастары бар теңізде жүретін тіршілік иелері туралы айтады.
“Каспидегі су перілері туралы ең көп айтып кеткен Жак-Ив кусто. 1998 жылы бұл аңыз зерттеуші “Алсион” кемесінде үш ай бойы Каспиді кезеді. Ол сол су перісін іздеген. Бірақ, экспедиция ресми түрде сәтсіз өтті деп жарияланады. Оның көмекшілерінің бірі Каспиде түсірілген бейнематериалдардың барлығына Кустоның өзі редакторлық жасағанын айтады. Кустоның су перісін бейнекамераға түсіріп алған болуы әбден мүмкін. Бірақ, шу көтеріп жібермес үшін, ол бұл мәселеде үнсіз қалуды жөн санаса керек”, – дейді Әділ Қоразбаев.
Алан Исаев