Ғалымдар балалардың шылым, ішімдікке не үшін әуес екенін анықтады
Қолумбиялық университет мамандары балалар мен мектеп оқушыларындағы ішімдікке, темекіге деген әуестіктің себебін зерттеп көрді.
Бұл туралы nz1.ru сайты жазған.
Мамандар жастайынан шылым мен спиртті ішімдікке әуес балалардың психологиясы дұрыс емес деген қорытынды жасаған. Ғалымдар 4 мың адамға арнайы зерттеу жұмыстарын жасап көрген. Олардың жастары 15-18 жас аралығында болған. Нәтижесінде психологиясында айтарлықтай мәселесі барлар жаман әдетке тәуелді, деген қорытынды жасалған.
Сұралған балалардың 44%-да ешқандай да психологиялық мәселе болмаған. 49%-ы айтарлықтай жүйке ауруына шалдыққандар. 8% балада аздап ғана психологиялық мәселе болған. 38% бала ішімдікті соңғы бір айда тұтына бастағанын айтқан. 2% жаман әдеттен арыла алмай жүргендерін айтқан. 9%бала өмірлерінде бір марте болсын шылым шегіп көргендерін айтқан. Сұралғандардың 2%-ы жаман әдетті тастай алмай қалғандарын айтқан.