Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ашығу арқылы адамның ұзақ өмір сүруге болатынын анықтады

Мадисондағы Висконсин университеті мен Ұлттық институт мамандары төмен калориялы диетаның адамның ұзақ өмір сүруіне көмектесетінін анықтады.

hungry-1440x692

Мамандар маймылдарға осындай екі зерттеу жүргізген. Бірақ зерттеу қорытындысының примат маймылдарымен қаншалықты байланысты екені белгісіз. Приматтар мен макакалар физиологиялық, анотомиялық, биологиялық қасиеттеріне қарай Homo sapiens тобына жатады. 1980 жылдардың соңында ірі зерттеу макака маймылдарына жүргізілді. Бұл маймылдардың гені адаммен 93 пайызға сәйкес келеді.

Маймылдардың құндылы аз тағам жеу арқылы түрлі дертке шалдықпайтындары белгілі болды.

Бірінші зерттеу 76 маймылға жүргізілді. Екінші зерттеуге 121 маймыл қатысты. Бірақ екі зерттеу қорытындысы екі түрлі болып шықты. Анықтай келе NIA мамандарының аз калория тағамдарды жас маймылдарға бергені белгілі болды. Ал, негізінде құндылығы аз тағамдар ересек және егде маймылдар үшін пайдалы. Сонымен қатар бірінше зерттеудегі макакаларға қант қосылған жоғары клориялы тағам берілгені анықталды.

Екі айырмашылықты зерттей келе мамандар калориядан тыйылу 30 пайызға ұзақ өмір сүруге көмектеседі деген тоқтам жасады. Одан бөлек жүрек-қантамыр ауруы мен қатерлі дертке қарсы тұруға әсер етеді.

Мамандар мұндай зерттеуді адамдарға жүргізуді жоспарлап отырған жоқ. Бірақ олар зерттеу қорытындысының адам өмірін ұзартатын диеталарды таңдауға көмектесетінін айтады.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар сәбилердің 5 айлығында ана тілін мәңгілік жадында сақтай алатынын анықтады

Ғалымдар әлемде ақылды адамдардың азайып бара жатқанын дәлелдеді

Қазақстандық жас ғалым қатерлі ісікке қарсы күресте жаңалық ашты

Ғалымдар тісті пломбасыз емдеудің тәсілін тапты

Талқылау