Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар адам терісін принтерде басып шығаруды үйренді

Канадалық дәрігерлер адам терісін қалпына келтіруге арналған жылдам жұмыс істейтін 3D-принтерді таныстырды. Бұл құрылғының ерекшелігі сол, ол адамның күйіп қалған терісін санаулы минут ішінде қалпына келтіре алады.

Ғалымдар адам терісін принтерде басып шығаруды үйренді

Сурет:University оf Toronto/Liz Do

Бұл туралы Engadget басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Торонто университетінің ғалымдары құрастырған принтер U of T bioprinter деп аталады. Шағын ғана құрылғы дененің күйіп қалған аумағын санаулы минут ішінде емдей алады. Ол үшін принтерге биологиялық материал салынып, ол жасанды тері кесіндісіне айналады. Ал дәрігерлер осы тері кесіндісін адам денесінің күйіп қалған аумағына жамап береді.

Уақыт өте келе мұндай тері денеге бейімделіп, жараны бітейді екен. Мамандардың сөзінше, U of T bioprinter принтері қолданысқа енгеннен кейін, дәрігерлерге тері доноры қажет болмай қалады.

Жобаға қатысушы Навид Хакимидің сөзінше, принтер баптауларын адам денесіндегі күйік дәрежесіне қарай өзгертуге болады.

Ғалымдар құрылғыны сынақтан өткізіп, оны доңызға қолданып көрді.

Ендігі дәрігерлер болашақта принтерді адамдарға қолдануды жоспарлап отыр.

Тағы да оқыңыз:

Ғалымдар қандай тағамдардың бала көтеруге кедергі болатынын анықтады

Астанадағы батут оқиғасы: Төрт бала аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр

30 жыл темекі шеккен науқас рак ауруына шалдыққанын айтты

Сифилис жұқтырды деп кінә тағылған 23 жастағы қазақ қызы ел алдына шықты

Талқылау