Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар адам өсек айтуды балабақшадағы кезінен бастайды деген тұжырым жасады

Германия ғалымдары балалар өсек айтуды балабақшадағы шағынан бастайды деген тұжырым жасады. Зерттеу қорытындысы British Journal of Development Psychology журналында жарияланды.

20160506102348

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Лейпцигтегі Макс Планк Қоғамының эволюциялық антропология институтының қызметкерлері осы мақсаттағы тәжрибеге 3-5 жастағы балаларды қатыстырды. Әр жастағы топқа екі қуыршақтан беріп ойнатқан. Әр қуыршақпен ойнау барысында балалар онымен тиын алысып саудаласқан. Үш жастағы балалар қуыршақтарының «әрекеттерін» 23 пайыз жағдайда суреттеп берсе, ал бес жастағы балаларда бұл көрсеткіш 54 пайызға жетті.

Зерттеудің аздығынан балаларда өсектеу шамамен он жастан бастап қалыптаса бастайды деп саналып келген.

Осылайша, ғалымдар адамның әлеуметтік ортадағы әрекеті ретінде сынға алынатын аспектінің бірі – өсек айту ерте сатыда басталады деген тұжырымға келді. Олардың пікірінше, бұл кезең балалардың өзінің өз пікірін қалыптастыру қабілетінің дамуына байланысты.

Талқылау