Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымжан Кенжебек “Ахмат” сапындағы алғашқы матчын өткізді

ахматФото:Kazfootball

Қазақстандық футболшы Ғалымжан Кенжебек "Ахмат" клубы сапында алғаш рет алаңға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Грозныйлік клуб Сербияның "Нови-Пазар" командасымен жолдастық матч өткізді. Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы матчта қосалқы құрамнан алаңға шықты.

Кенжебек екінші таймның 66-минутында қарсылас қақпасына қауіпті соққы жасап, есеп ашуға жақын болды. Алайда гол соға алмады. Көп ұзамай сербиялық клуб қарымта шабуыл ұйымдастырып, 71-минутта есеп ашты.

Нәтижесінде матч 1:0 есебімен "Нови-Пазар" командасының пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебек "Ахмат" сапына ресми түрде 10 қаңтар күні қосылған. Бұл ойын оның Ресей Премьер-лигасы клубы құрамындағы алғашқы матчы болды. Қазіргі таңда "Ахмат" командасын Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов жаттықтырады.

РПЛ маусымының алғашқы қорытындысы бойынша "Ахмат" 22 ұпай жинап, турнир кестесінде 8-орында тұр.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 14 Қаңтар, 2026 13:34