Ғалымжан Кенжебек “Ахмат” сапындағы алғашқы голын соқты
Фото:instagram/@akhmatgrozny
Қазақстанның жұлдызды футболшысы Ғалымжан Кенжебек “Ахмат” сапындағы алғашқы голын соқты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Ахмат” ОФК “Белградқа” қарсы ойын өрнегін көрсетті. Айтулы матчта Ғалымжан Кенжебек 32 минутта гол соғып, командасын алға шығарды. Қорытынды ойынның нәтижесі бойынша 3:0 есебімен “Ахмат” жеңіске жетті.
Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебек қаңтар айында ресейдің “Ахмат” клубымен 4,5 жылдық келісімшартқа қол қойған еді.
Ғалымжан Кенжебек 2025 жылдың жазында Словакияның “Кошице” комамандасынан ҚПЛ-ға оралды. Содан кейін “Елім-ай” клубымен келісімшартқа отырып, ол шабуылдағы негізгі ойыншылардың біріне айналды.
Ғалымжан Кенжебек:“Станислав Черчесовтың хабарласқаны маған үлкен сенім ұялатты”
"Біз сені Еуропада ойнайды деп күтіп жүрсек”: Ғалымжан Кенжебек ресми түрде “Ахмат” ойыншысы атанды
Клубты чемпионатты төртінші орынмен аяқтауына үлес қосты. Бұл нәтиже "Елімайға" Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама сыйлады.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты