Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ғалымдардың болжамы көңіл көншітпейді": Қазақстан Каспийді құтқару үшін көрші елдерден көмек сұрады

каспий таязданып барады

Фото: Үкімет

Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов Каспий маңы елдерін Каспийдің таяздануына қарсы күресте бірігуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Олжас Бектенов бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда сөз сөйлеу кезінде Каспий теңізінің таяздану мәселесін аймақтың негізгі сын-қатерлерінің бірі ретінде атап өтті. Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне назар аударып, Каспий маңы мемлекеттері арасындағы аймақтық өзара іс-қимылды жандандыру қажет екенін айтты.

“2000-шы жылдардың басынан бері Каспий теңізі деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Осы және өзге де проблемаларды зерттеу үшін Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты құрылды. Ғалымдардың болжамдары көңіл көншітпейді. Осынау бірегей су айдынын сақтап қалу үшін барлық Каспий маңы мемлекеттерінің батыл үйлестірілген іс-қимылы қажет”, – деді Олжас Бектенов.

 

Өз сөзінде премьер-министр Арал маңындағы жағдайға да назар аударды. Бүгінде Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарады. Елімізде оны қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, Көкарал бөгеті нығайтып, Сырдария сағасы қайта қалпына келтіріліп, балық саласын қолдау және бұрынғы теңіздің кеуіп қалған түбін көгалдандыру бойынша жобалар іске асырылып жатыр. 

Айым Болатқызы
Жұма, 25 Шілде, 2025 17:02
Талқылау