Ғалымдар жер бетінде жаңа мұхиттың пайда болуы мүмкін екенін ескертті
Ғалымдар болашақта жер бетінде жаңа мұхит пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Олардың есептеріне сәйкес, Африканың шығыс бөлігінде бес-он миллион жылдан кейін тектоникалық ыдырау пайда болады және континент екі бөлікке бөлінеді.
Негізгі нысан - үш тектоникалық плиталардың түйіскен жерінде орналасқан Эфиопияның Афар аймағында орналасқан аумақ. Олар баяу бір-бірінен алыстап жатыр. Осылайша, 2005 жылы сол жерде жарықшақ пайда болды, оның ұзындығы 56 шақырымға жетті.
"Бұл құрлықтық рифт мұхиттық рифт болып қалыптасуын зерттей алатын жердегі жалғыз орын", — деді Ұлыбританиядағы Лидс университетінің профессоры Кристофер Мур.
Ғалымдардың айтуынша, бұл жарықшақ көтеріліп жатқан магманың қысымынан пайда болуы мүмкін. Қазір олар GPS арқылы плиталардың қозғалысын қадағалап жатыр.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді