Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар оптимист адамдар бірдей ойланатынын анықтады

Идеяға қуанып тұрған адамдарФото: freepik.com

Ғалымдар оптимист адамдардың ми белсенділігі үлгілері бір-біріне ұқсас екенін және олар пессимистерге қарағанда жағымды және жағымсыз оқиғаларды айқынырақ ажырата алатынын анықтады. Мұндай қорытынды 29 шілдеде жарияланған "Барлық оптимист бірдей: оптимист адамдар арасындағы болашақ туралы эпизодтық ойлауды қолдайтын ортақ нейрондық көріністер" атты зерттеуде келтірілген. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Зерттеу мақсаты болашақты модельдеу кезінде оптимизмнің нейрондық үйлесімдік деңгейінде байқалатын-байқалмайтынын анықтау болған. Зерттеу авторларының бірі, Жапонияның Кобе университетінің әлеуметтік психологы және нейробиологы Куниаки Янагисава "Бір толқында болу" деген жай ғана метафора емес, нейрон деңгейіндегі шындық болса ше?" деген сұрақ қояды.

Екі тәуелсіз эксперимент аясында 87 қатысушыға болашақтағы әртүрлі жайттарды – позитивті, бейтарап, негативті жағдайларды және бір экспериментте тіпті өзінің өлімі сценарийлерін ойша елестету ұсынылған. Ойлану кезеңінде миға функционалды МРТ сканерлеу жүргізілген, содан кейін сынаққа қатысушылар оптимизм дәрежесін өлшейтін өмірлік бағдар шкаласы бойынша (LOT-R) сауалнама толтырған.

Аида Тақабаева
Дүйсенбі, 04 Тамыз, 2025 10:11
Талқылау
`