Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар мысықтардың иелеріне тигізетін пайдасы туралы айтты

Мысықпен бірге тұру иесінің физикалық және психикалық денсаулығына жақсы әсер ете алатыны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Medicalxpress порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: zoo-galereya.ru

Мәліметтерге сенсек, көп жағдайда мысық иелері оларды отбасы мүшесі ретінде жиі қабылдайтыны жазылған. 

"Нидерландта 1 800 мысық иесі қатысқан зерттеуде олардың жартысы мысықтарын отбасыларының мүшесі деп санайтынын айтты. Әрбір үшінші адам өз мысығын баласы немесе ең жақын досы ретінде қарастырады. Жануарды адал, қолдау көрсететін және сезімтал деп есептеген", - делінген басылымда.

Мысық иелері жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болу қаупін төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар мысықтар адамның психологиялық күйіне оң әсер етеді. Депрессияда жүрген науқастарда мысықты сипау немесе ойнау аурудың белгілерін азайтатын көрінеді. 

Жалпы практика дәрігері Сергей Алендеев мысыққа және басқа үй жануарларына күтім жасау жауапкершілікті талап ететінін айтты.



Еске салайық, бұған дейін Қытайда тұрғындар ит пен мысықтарды жұмысқа жіберіп ақша тауып жүргенін жаздық. Бұл елде қазір ит пен мысықтар өз тағамдарына өздері ақша табады. Олар арнайы "котокафе" мен "пескокафеге" жіберілетіні белгілі болды. Үй жануарлары кавелерге барып келушілер оларды тамашалауға келеді. Келушілер кафедегі жануарларды ұстап сүйсіне алады.  Жануарлардың иелері үшін бұл әдіс ақша үнемдеудің жақсы нұсқасы болып отыр. Өйткені үйде жалғыз қалған жануарларға қатты ыстық болғандықтан жазда желдеткіш қосуға тура келеді. Тиісінше, электр энергиясына төлемдер де өседі.

Талқылау