Ғалымдар: Көмірқышқыл газы шығарындылары азаймаса, адамзатты азапты күндер күтеді
40 жыл бойы мамандар Жер бетінің температурасы, энергия шығыны, ЖІӨ және көмірқышқыл газының шығарындылары туралы мәліметтер жинап келеді.
153 елдің, оның ішінде Ресейдің 11 мыңнан астам ғалымдары көмірқышқыл газы шығарындылары шұғыл азаймаса, адамзатты «сөзсіз азап» күтеді деп мәлімдеді. Зерттеушілердің ғылыми тұжырымдары BioScience журналында жарияланған.
Мамандар 40 жылдық зерттеулерден кейін осындай қорытынды жасады. Олар энергияны тұтыну, жер бетіндегі температура, популяцияның өсуі, орманның жойылу қарқыны, полярлық мұз массалары, жалпы ішкі өнім және көмірқышқыл газының шығарындылары туралы мәліметтерді талдады.
Ғалымдар климаттың өзгеруі олардың көпшілігі күткеннен тезірек болып жатқанын айтады. Бірақ адамзат әлі де өзгере алады және жаһандық жылынуды бәсеңдете алады.
Атап айтқанда, зерттеушілер қазбалы отынды жаңартылатын энергия көздерімен алмастыруды, тұрақсыз ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуды, жоғары «көміртегі салығын» енгізуді, жаппай орман кесуді тоқтатуды, ІЖӨ-нің өсуіне ұмтылмай және мал аз шығатын тағамдарды тұтынуды ұсынады.