Ғалымдар әйелден жаңа қан тобын анықтады
Фото: Ru.freepik.com
Француз ғалымдары Кариб теңізіндегі Гваделупа аралының әйелінен жаңа қан тобын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
CBS мәліметінше, Францияның Қан институты (EFS) бұл әйелдің жаңа қан тобының жалғыз белгілі тасымалдаушысы екеінін мәлімдеді. Бұл қан тобына “Gwada negative” деген атау берілді.
Науқас ота алдындағы жоспарлы тексеріс кезінде қан тапсырған. Осылайша ғалымдар 15 жылдан кейін жаңа қан тобын анықтады.
Ғылыми бірлестік осы уақытқа дейін 47 қан тобы жүйесін анықтады.
EFS ұйымының медициналық биологы Тьерри Пейрар AFP агенттігіне берген сұхбатында бұл жаңалыққа өзі де қатысқанын айтты. Оның сөзінше, соңғы рет 2011 жылы науқастың қанынан “ерекше” антидене анықталған. Алайда ол кезде зерттеу жүргізуге қажет ресурстар жетіспеген.
Пейрардың айтуынша, "ДНҚ-ны жоғары өнімді секвенирлеу" технологиясының көмегімен 2019 жылы ғалымдар бұл құпияны шешті. Дәл осы әдіс генетикалық мутацияны анықтауға көмектесті.
АҚШ-та жүктіліктің екінші айында қайтыс болған әйелдің сәбиі дүниеге келді
Ерекше антидене табылған науқас әйел 54 жаста. Парижде тұратын ол операция алдында жоспарлы тексерулерден өтіп жүрген.
"Бұл әйел – сөзсіз, әлемдегі жалғыз белгілі жағдай. Дүниежүзінде оның қаны өзінікімен ғана үйлесетін жалғыз адам”, – деді биолог.
Ғалымның айтуынша, әйелдің әкесінде де, анасында мутацияланған ген болған. Осылайша, әйел ерекше қан тобының иесі болған.
ABO қан тобы жүйесі алғаш рет 1900 жылдардың басында ашылған. Ал кейінгі жылдары ДНҚ-ны секвенирлеу технологиясының дамуы жаңа қан топтарын табуды едәуір жеделдетті.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
