Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ғаламдық жылынудың кесірінен әлем елдері кедейлікке тап болады деп болжады

Ғалымдар ғаламдық жылыну тоқтамай, планетада ауа температурасы 4 градусқа көтерілсе, әлемдік экономикаға кері әсер етеді деп болжады. Аустралиялық мамандардың дерегіне сәйкес,мұндай жағдайда орта деңгейдегі әр адам 40% кедейлене түседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Environmental Research Letters басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

жылыну

Фото: Matias Delacroix / Reuters

Сарапшылар есебі бойынша ғаламдық жылыну деңгейі екі градустан жоғары деңгейде қалса да, Жердегі әр адамға шаққандағы жалпы ішкі өнім 16% қысқарады. Бұған дейінгі есепте жалпы ішкі өнім тек 1,4% төмендейді делінген еді. 

Аустралиялық ғалымдар өз болжамында жаңа әдісті қолданған. Ұл үшін танымал экономикалық модельді климаттың өзгеруіне қатысты болжамдармен толықтырған. Осылайша табиғат жағдайының ғаламдық тауар айналымына әсерін анықтаған. 

Жаңа Оңтүстік Уэльс университеті Климаттық қатерлер және әрекет ету институтының докторы Тимоти Нил бұған дейін ғаламдық температура айтарлықтай өссе де, бұл әлемдік экономикаға көп әсер етпейді деп есептелгенін жеткізді. Алайда бұрынғы болжамда тек аймақтық жайттар ескерілген. Нилдің сөзінше, келешекте "жеткізу легінде каскадты ауытқулар" орын алуы мүмкін. Сондай-ақ бұл тығыз сауда байланысы бар елдерге қатты әсер ететінін мәлімдеді. 

Талқылау