Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ерте қартаюдың тағы бір себебін анықтады

Ғалымдар ерте қартаюдың тағы бір себебін анықтады

Фото: Ru.freepik.com

Вирджиния университетінің ғалымдары жасөспірім кезден басталған дұшпандық мінез-құлық биологиялық қартаюды 30 жасқа дейін жылдамдатуы мүмкін екенін анықтады. Олардың зерттеуі 17 жылға созылып, 123 қатысушыны қамтыған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Газету.Ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Психологтар жасөспірімдерді 1998 жылдан бастап бақылап, олардың достарымен және ата-анасымен қарым-қатынастарын жүйелі түрде бағалаған. Сол уақытта денсаулықтың биомаркерлері – холестерин деңгейі, қан қысымы, глюкоза, қабыну көрсеткіштері және қан құрамындағы көрсеткіштер де тіркелген.

“Бұл – сіздің өмір сүру ұзақтығыңыз бен денсаулығыңыздың қалай болатынын болжайтын өте жақсы көрсеткіш”, – деп атап өтті зерттеуді басқарып отырған Джозеф Аллен.

Зерттеу көрсеткендей, 13 жастағы жасөспірімдер достарымен жауласса, әкелерімен қарым-қатынасы шиеленіссе, 30 жасқа дейін олардан биологиялық қартаю белгілері байқалған.

Алленнің сөзінше, жасөспірім кезеңінің соңындағы әкесімен келіспеушіліктер мен 20 жас шамасында достарға агрессивті мінез-құлық көрсету физиологиялық көрсеткіштердің нашарлауымен тығыз байланысты.

“Бұл зерттеудің ерекшелігі тек жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі туралы емес, басқа адамдарға деген мінез-құлқыңыз, оны достарыңыз қалай бағалайтыны, ағзаның әдеттен тез тозатынын көрсететін көптеген маркерін алдын ала болжайды”, – деп түсіндірді ғалым.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 17 Қараша, 2025 09:38
Талқылау